Бұқтырма су қоймасында, Торанғы шығанағында 1993 және 1986 жылы туылған екі ер адам балық аулау кезінде қайықпен аударылып суға батып кетті.
– Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде екі ер адамның денесі табылып, судан шығарылды. Олардың үстінде құтқару кеудешесі болған жоқ, - делінген хабарламада.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің балық аулау кезінде қауіпсіздік ережерлерін сақтауды қайыққа отырған кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін киюді ескертеді.
Төтенше жағдайлар кезінде «112» арнасына қоңырау шалыңыздар.