Өскемен-Самар тасжолының 75-ші шақырымында VOLVO маркалы жүк көлігінің қатысуымен қайғылы оқиға орын алды.
Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында тау-кен жұмыстарын жүргізу үшін жүк көлігімен тасымалданатын заттың жарылуы салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
– Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жағдайдың мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу амалдарыжүргізіліп жатыр. Тергеуді Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшылығы бақылауға алды, - Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің өкілдері.