Жартыжылдықтағы цифрландыру және инновациялық даму саласындағы өзгерістер


ЖАҢАЛЫҚТАР 9-08-2024, 16:00 0

Қазақстанда әртүрлі салалар бойынша цифрлық түрлендіру  жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы 6 айда цифрландыру және инновациялық даму саласында бірқатар өзгерістер бар. Негізгі жетістіктерге электронды мемлекеттік қызметтер санының артуы, жаңа цифрлық шешімдер мен платформалардың енгізілуі, сондай-ақ IT және аэроғарыш өнеркәсібіндегі халықаралық ынтымақтастықты нығайту жатады. 

Инфрақұрылым жүйесінің дамуы 

Қазақстан заңнамалық өзгерістермен қатар талшықты-оптикалық желілерді кеңейтуді және озық технологияларды енгізуді қоса алғанда, байланыс инфрақұрылымын жаңғырту жалғастырып жатыр. Талшықты-оптикалық байланыс жобасын жүзеге асырудың арқасында 1,2 мыңнан астам ауылдық елді мекендер интернет қызметіне, ал 3,7 мың мемлекеттік және бюджеттік мекеме кең жолақты интернетке қосылған. Ұзындығы 20 мың шақырымнан асатын жаңа желілер коммуникация инфрақұрылымын айтарлықтай жақсартты.  

Қызметтерді цифрландыру және қолжетімділікті арттыру

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Электрондық үкіметті» дамытуды жалғастыруда. Барлық мемлекеттік қызметтердің 93,3%-ын электронды түрде пайдалануға болады, оның 86%-ы смартфондар арқылы қолжетімді. «eGov Mobile» қосымшасы және 56 қызмет қолжетімді сыртқы платформалар арқылы бірінші жартыжылдықта 35 миллион қызмет көрсетілді. Бұл цифрландырудың жоғары деңгейін және халыққа мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін көрсетеді, қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді.  

Бірыңғай e-Otinish платформасы аясында азаматтардан 6,8 млн өтініш түскен. Өтініш берушілердің айтуынша, жауаптардың сапасына қанағаттанушылық 17,5%-ға артқан.  

Мемлекеттік қызметтерге арналған цифрлық шешімдер

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасын енгізу жалғасуда, бұл мемлекеттік ұйымдар үшін 4055 веб-сайтты құруға мүмкіндік берді. Мемлекеттік органдарды цифрландыру аясында бағдарламалық өнімдерді әзірлеу мен енгізуді жеңілдету шаралары қабылданды, бұл азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырады. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив