Катонқарағай ауданындағы мектептердің бірінде мұғалім жалған дипломмен сабақ беріп келген.
Аудандық сот Қылмыстық кодекстің 385 бабы бойынша тіркелген істі қарады.
Қ. есімді азамат “Денешынықтыру және спорт” мамандығы бойынша жалған диплом сатып алған. Ол ауылдағы орта мектепке мұғалім болып орналасып, 2022 жылдың қыркүйегінен, 2024 жылға дейін сабақ беріп келген, бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Кінәсін толық мойындағандығы және жасаған ісіне өкінетіндікі есепке алына отырып, сот жалған мұғалімнің жазасын жеңілдетті.
Бұрынғы “физрук” 36920 теңге айыппұлмен құтылды.