12 қараша күні таңертең Анель Ерік Металлург саябағының маңындағы үйінен шығып, қайтып оралмаған.
Ата-анасы сол күні полицияға хабарласып, көмек сұраған соң тәртіп сақшылары мен еріктілер жедел-іздестіру шараларына кіріскен. Алайда арада бір апта өтсе де 18 жастағы қыз табылмай жатыр.
Қыздың үстінде қара футболка, жасыл жейде, қара шалбар және етік болған. Туыстарының сөзінше, оның ұялы телефоны өшірулі.
– Сол күні 102 нөміріне Өскемен қаласының тұрғыны Ерік Анель Рауанқызының (2005 жылы туған) жоғалғаны туралы хабарланды. Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - дейді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.