сурет: besk.kz
2025 жылы «Шығысэнерготрейд» ЖШС мен «Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ біріктіру жоспарлануда.
Шығыс Қазақстан облысында электр энергиясын жеткізу қызметін «Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ атқарады, оның құрамында 18 507 км электр желілері, 161 қосалқы станция және 3760 трансформаторлық қосалқы станциялар бар. Ал электр энергиясының кепілді жеткізушісі «Шығысэнерготрейд» ЖШС.
– 2025 жылы осы екі компанияны біріктіру жоспарлануда, бұл облыстың энергетика саласындағы жұмысты оңтайландыру үшін маңызды қадам болмақ. Бұл ресурстарды біріктіреді, үйлестіруді жақсартады және электр желілеріне кететін шығындарды азайтады. Сонымен қатар, мұндай интеграция электрмен жабдықтау сенімділігін арттырады, - делінген Шығыс Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарламасында.