Кеңес дәуіріндегі құжаттарды сақтағаны үшін бонус беріледі – фейк


ЖАҢАЛЫҚТАР 28-10-2024, 14:00 0

Еңбек министрлігі кеңес дәуіріндегі құжаттарды сақтағаны үшін бонус берілетіні туралы ақпараттың шын немесе жалған екенін мәлімдеді. 

Қазнетте КСРО дәуіріндегі құжат бейнеленген хабарлама тарады. Мұндай құжаттары бар азаматтар көп бонус ала алады екен. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.  

– Барлық әлеуметтік төлемдер ҚР Әлеуметтік кодексімен реттелген. Мұндай төлем түрі жоқ. Азаматтарды тек сенімді дереккөзден тараған ақпаратқа ғана сенуге және алаяқтардың арандатуына берілмеуге шақырамыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқандар заң бойынша жазаланады, - делінген ведомство хабарламасында. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив