ШҚО-да бруцеллез жұқтырғандардың көбейгені туралы ақпарат – фейк


ЖАҢАЛЫҚТАР 28-10-2024, 13:00 0

Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысында 30-дан астам адам бруцеллез жұқтырды деген ақпарат тарады. 

Хабарламада бруцеллез жұқтырғандардың дені Алтай және Үлкен Нарын аудандарында тіркелді, инфекцияның көбеюіне байланысты төтенше жағдай енгізіліп, ет экспорттауға тыйым салынған делінген. Кейін бұл ақпараттың жалған екендігі белгілі болды. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері науқастар мен індет туралы деректі жоққа шығарды. 

– 25-ші қазандағы жағдай бойынша Алтай ауданы тұрғындары арасында бруцеллезге күдікті жағдай тіркелген жоқ. Сондай-ақ медициналық мекемелерден шұғыл хабарламалар түспеді, - дейді ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив