Тарбағатай ауданында жаңа медициналық пункт ашылады


ЖАҢАЛЫҚТАР 22-10-2024, 11:00 0

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасы аясында Тарбағатай ауданындағы Асусай ауылында жаңа медициналық пункт ашылады.

Ғимараттың құрылысы 2024 жылдың мамыр айында басталған.

Қазір мердігер ұйым «KAZPROFSTROY HOLDING» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын толығымен аяқтады. Нысан пайдалануға 100 пайыз дайын. Медициналық пункттің сыртында көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Асусай ауылының барлық 256 тұрғыны медициналық мекеменің ашылуын асыға күтуде. Енді ересектер де, балалар да медициналық қызметтерді, екпе, т.б аудандық ауруханаға бармай-ақ ала алады. Медициналық пунктте 34 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі медбикелер жұмыс істейтін болады.

Қараша айында Алтай ауданының Феклистовка ауылында медициналық пункт ашылады. Сонымен қатар жыл соңына дейін Тарбағатай ауданының Жамбыл, Байтоғас ауылдарындағы медициналық пункттерді қолданысқа беру жоспарланып отыр.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив