Азаматтарға SIM-карта сатуға шектеу енгізілмек


ЖАҢАЛЫҚТАР 16-10-2024, 14:30 0

Қазақстанда азаматтарға SIM-карта сатуға шектеу енгізілуі мүмкін. Бұл туралы мәжіліс отырсында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек хабарлады. 

Асхат Оразбектің сөзінше, енді әр азаматқа бір ғана SIM-карта беріледі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алдағы уақытта байланыс саласына қатысты арнайы заң нормаларын енгізуді жоспарлап отыр, сәйкесінше, телефон нөмірлерін беру құзыреті мемлекетке берілмек. 

– Ұялы нөмірлер жоспарын мемлекетке қайтару үшін заңнамалық бастама көтереміз. Біз нөмірлік жоспарды мемлекетке қайтарамыз және азаматтар электрон үкімет порталында немесе eGov mobile қосымшасы арқылы ұялы телефон немесе қалалық байланыс нөмірін алады. Сонымен қатар, бір адам алатын SIM-карталар санын шектейміз. Ал енді коммерциялық мақсатта SIM-карталарды бақылаусыз алатын заңды тұлғалар - олар әр нөмір үшін оны пайдалануын негіздеуі керек болады, - деді Асхат Оразбеков.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив