ШҚО-да 28 жас дәрігер аудандық ауруханаларға жұмысқа орналасты


ЖАҢАЛЫҚТАР 22-10-2024, 17:30 0

Шығыс Қазақстан облысында шалғайдағы елді мекендерге 28 жас дәрігер жұмысқа орналасты. Тарбағатай ауданының аудандық ауруханасында енді жалпы практика дәрігері, анестезиолог-реаниматолог және стоматолог науқастарды қабылдайтын болады.  Қазір ауыл емханаларына психиатр, рентгенолог, неонатолог, жалпы практика дәрігері, педиатр, травматолог, онколог, стоматолог, кардиолог, хирург, анестезиолог және реаниматолог мамандар қажет. 

Мәселен, Тарбағатай ауданындағы ауруханада аудандық аурухана мәртебесіне ие болған білікті жас дәрігерлер өз жұмыстарына кірісті. 

– Бүгінде аурухана ұжымы жас дәрігерлермен толығып, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетудің заманауи әдістерін енгізуде. Мамандар жетіспейтін алыстағы ауылға келген жастар үшін мемлекет пен облыс әкімшілігінің қолдап жатқаны қуантады. Олар әлеуметтік қолдауға ие болып, жәрдемақы мен баспана ала алады, - дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Елжан Манарбеков.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив