Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті мопед иелерінің транспортын тіркеу үшін ұсынуға тиіс нақты құжаттар тізімін жариялады:
1) жеке басты куәландыратын немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық нысандағы құжатты;
2) Салық кодексінінің 553 және 615-баптарында көзделген тіркеу алымымен КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттар болуы керек.
3) техникалық құжат (бар болған жағдайда) немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы ашық ақпараттық көздерден алынған мәлімет;
4) транспорт иесінің өтініші;
5) көлік құралын қарап тексеру актісі (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде) қажет.
Естеріңізге сала кетейік, 3 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев мопедтерді тіркеуге міндеттейтін заңға қол қойған болатын. Заңға сәйкес, жүргізушілер мопедтерді 2025 жылдың 3 сәуіріне дейін тіркеп үлгеруі қажет.