Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер мемлекеттік тілді қаншалықты деңгейде білу керек


ЖАҢАЛЫҚТАР 15-10-2024, 10:00 0

Ғылым және жоғары білім министрі "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін бекіту туралы" 2024 жылғы 8 қазандағы № 479 бұйрыққа қол қойды. 

– Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттiк тiлдi қарапайым деңгейде бiлу көлемi кемiнде 36 (отыз алты) бал, Қазақстан Республикасы Конституциясының негiздерi кемiнде 9 (тоғыз) балл, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихын бiлу көлемi кемінде 15 (он бес) балл болып бекiтiлсiн, - делінген құжатта. 

Бұйрық 12 қазаннан бастап күшіне енді.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив