2 тамыз күні белгілі қазақстандық саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов дүниежүзі бойынша жаяу саяхатының екінші кезеңін бастайды.
Ақсақал Қазақстан – Ресей – Грузия – Түркия – Болгария – Сербия – Венгрия – Австрия – Германия – Франция – АҚШ – Қытай – Моңғолия – Ресей – Қазақстан бағыты бойынша саяхаттауды жоспарлап отыр.
Есеп бойынша, 2 жылға созылатын сапар, ол турды 2025 жылдың тамызында аяқтауды көздеп отыр. Ыңғайлы болу үшін маршрут бірнеше кезеңге бөлінген.
2023 жылы бірінші кезең: Қазақстан-Ресей-Грузия-Түркия сапары 3000 шақырымдай жолды артқа тастап, 100 күнге тарта уақытта жүріп өтті.
Екіншісі: Қазақстан-Ресей-Маңғолия-Қытай (180 күн және 9 мыңнан астам км).
Үшінші: Қытай-АҚШ- Франция- Германия - Австрия – Венгрия- Сербия- Болгария- Түркия (130 күн, және 4 мыңнан астам км).
Сәрсенбай Қотырашовтың өзі айтқандай, жер шарын жаяу айналып өтудің басты мақсаты - Гиннестің рекордтар кітабына тіркеліп, әлемдік рекорд орнату. Рекордтар кітабына бүгінгі күнге дейін, 70 жастан асқан адамның әлемді жаяу шарлағаны туралы жазба әлі жазылмаған.
Назар аударыңыз!
Ұлытау өкілінің жорығы Өскемен қаласында 2024 жылғы 2 тамызда сағат 10.00-де басталады.
Жаяу атаның 2024жылғы маршрут былай болмақ:
Өскемен-Ридеер-130км
Ридеер-Усть-Кокса-Ақташ-Қосағаш570км(Риддершекарасы арқылы-60км)
Қос-ағаш-Жаңаауыл-Ташанта-Цагааннуурр(шекара)105км
Баян Өлгий
Тұлба
Қобда
Тегрег
Дарви
Алтай
Undzen-Us
Jargalan
Баянхонгор
Арвайхээр
Ұланбатыр
Барлығы:2555км.ОныңішіндеРесей бойынша 650км, Моңғолиябойынша1750км-60күн
Еске салайық, 2022 жылы Сәрсенбай Қотырашов 72 жасында Қазақстанның 17 облысын (8 мың км) 6 айда жаяу жүріп өткені арқасында бүкіл әлемге танымал болды.