Өскемен-Риддер жолын дронмен бақылап отыр

ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты Бүгін, 16:09 0

Шығыс Қазақстанда «Қауіпсіз жол» жедел шарасы жалғасып жатыр. Бұл шара аясында көлік жолдарының қауіпті учаскелеріне ерекше назар аударылады. Тәртіп сақшылары ұшқышсыз аппараттар мен «Кибершериф» борттық кешенін жиі қолданады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.  

«Дрондар жол ережесін бұзғандарды бірден анықтауға мүмкіндік береді. Хабар түскен соң жақын маңдағы патруль ереже бұзғандарды тоқтатады. Ал «Кибершериф» кешені бейнетіркеу жасайды, қозғалыс жылдамдығын өлшейді, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алыстан таниды және іздеуде жүрген көліктерді анықтайды», - деп түсіндірді полиция өкілдері.

Мәселен дрон арқылы Өскемен-Риддер жолында ереже бұзған Haval және Subaru маркалы көліктер тоқтатылды. Екі жағдайда да жүргізушілер тыйым салынған жерде алдағы көлікті басып озған.

«Екі жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар жасалып, материалдар сотқа берілді. Құқық бұзушыларды 6 айға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы күтіп тұр», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив