шартты сурет
Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына байланысты ахуал жөнінде баяндады. Қауіп сейілмеген өңірлерде қарғын суға қарсы іс-шаралар әлі де жалғасып жатыр.
Ведомствоның хабарлауынша, 1 наурыздан бері 5,2 миллионнан астам текше метр су сорылды, 684 мың қапшық және 44 мың тонна инертті материалдар төселген. Сонымен бірге, 842 мыңнан астам метр арық тазартылған. Авариялық-құтқару жұмыстарына 288 адам, 121 техника, 33 мотопомпа және 6 жүзу құралы жіберілген.
«Қазіргі уақытта үш өңір – Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бақылауға алынған. ШҚО-да су тасқыны жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта облыс аумағының 38%-ында қар бар. Ауа температурасының көтерілуіне байланысты, шағын өзендер суға толуы мүмкін. Су тасқыны қауіпті учаскелерде су деңгейі тұрақты түрде өлшенеді», - деп жазылған министрлік хабарламасында.