1 желтоқсаннан бастап мопедтерді тіркеу басталады


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-10-2024, 10:30 0

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мопедтерді тіркеу қашан басталатынын  хабарлады. 

– Қазір біз түзетуді бекітеміз, қарашаның аяғына дейін бұл жұмысты аяқтаймыз және 1 желтоқсаннан бастап тіркеуді бастаймыз. Техникалық жағдайға қойылатын талаптар әзірге жоқ. Кейін жүргізушілер мопедті техникалық тексеруден өткізеді. Алғашқы кезеңде тек нөмірдің болуын және қалғанын тексереміз, - деді Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.  

Игроь Лепеханың сөзінше, елімізде шамамен 70 мыңға жуық мопед бар. 

Мопедті тіркеу үшін ұсынуға тиіс нақты құжаттар тізімі: 
1) жеке басты куәландыратын немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық нысандағы құжатты; 
2) Салық кодексінінің 553 және 615-баптарында көзделген тіркеу алымымен КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттар болуы керек.
3) техникалық құжат (бар болған жағдайда) немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы ашық ақпараттық көздерден алынған мәлімет;
4) транспорт иесінің өтініші;
5) көлік құралын қарап тексеру актісі (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде) қажет.

Естеріңізге сала кетейік, мопед иелері транспортын 3 сәуірге дейін тіркеп үлгеруі қажет.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив