Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі құрылыс жұмыстарының тоқтап қалу себебін түсіндірді.
Пермитин көшесі мен Славский жағалауындағы айналма жолдың құрылысы 2023 жылдың қарашасында басталды. Одан кейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі нысанды 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланғанын мәлімдеді. Қазір қаражаттың жетіспеушілігінен құрылыс жұмыстары тоқтап тұр.
– Нысан облыстық бюджеттен қаржыландырылды. Жобаның жалпы құнының тек 10 %-ы ғана бөлінді, құрылыс жұмыстары қайтадан қаржы бөлінгеннен кейін аяқталуы мүмкін, - делінген тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарламасында.