ШҚО - Қос азаматтығы бар 9 тұрғын елден шығарылды


ЖАҢАЛЫҚТАР 2-10-2024, 16:30 0

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері қос азаматтығы бар 48 адам анықталды. Олардың 9-ы сот шешімімен Қазақстан аумағынан шығарылды.

ШҚО Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы Шығыс Қазақстан облысында тұратын қос азаматтығы бар тұлғаларды анықтау мақсатында тексерулер жүргізеді.

Мысалы, Өскемен қаласының 59 жастағы тұрғыны 2021 жылдың мамыр айында көрші елдің азаматтығын алған, бірақ бұл туралы заңда белгіленген мерзімде құқық қорғау органдарына хабарламаған.

– Шетелдіктің жеке куәлігі мен ҚР азаматының төлқұжаты тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айырылды. Заңды бұзғаны үшін ер адам 200 АЕК көлемінде айыппұл төледі, - дейді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.

ШҚО Полиция департаментінің көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтінін ескертеді.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив