сурет: polisia.kz
Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында заңсыз жұмыс істеген 12 Қытай Халық Республикасының азаматы анықталды. Сот шешімімен олар елден шығарылды.
Күршім аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Күршім аудандық сотында Қытай Халық Республикасының азаматтарына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
ҚХР-ның 12 азаматы Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып, тиісті рұқсат құжатсыз айналысқандары анықталды. Сот отырысында шетел азаматтары өз кінәларын толық мойындады.
– Сот шешімімен 12 Қытай азаматы кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылып жіберілді. Қаулы толықтай заңды күшіне енді, - делінген сот ақпаратында.