Көлік министрлігі мен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі «Риддер-Новосибирск» халықаралық теміржол қатынасын қалпына келтіру туралы келісімге келді.
Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, пойыздар 2024 жылдың 18 желтоқсанынан бастап төрт күнде бір рет жүре бастайды.
– «Ресей темір жолдары» АҚ қызмет көрсететін №407/408 «Риддер-Новосибирск» халықаралық пойызы 250 жолаушыға арналған 6 вагоннан (3 купе, 3 плацкарт) тұрады. Осылайша Шығыс қазақстандықтардың үндеуі елеусіз қалмады. Пойыз ауаны баптау және бейнебақылау жүйелерімен, биоәжетхана кешендерімен, розеткалармен, мобильді құрылғыларды/гаджеттерді қуаттауға арналған USB порттарымен және әр орынның жанында жеке жарықтандырумен жабдықталған, - делінген Көлік министрлігі хабарламасында.