Өскемендегі Жаңа жыл мерекесі биыл басқа жерде тойлануы мүмкін.
Қала күні мерекесінде ашылған жаңа Үлбі жағалауы - Жаңа жыл мерекесін тойлауға лайық жер. Бұл туралы облыс әкімі Ермек Көшербаев айтты.
-Келесі Қала күні мерекесін де осы жерде ұйымдастыру керек, Жаңа жылды да осы жерде өткізуге болады, деді әкім.
Облыс басшысы сонымен бірге жаңа жағалауға сноубордистерге арналған трамплин орнатуға болатындығын айтқан.