Талдықорған-Өскемен тасжолы ақылы болады


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-09-2024, 18:00 0

Талдықорған-Өскемен тасжолы ақылы болады. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді. Ұзындығы 768 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар автомобиль жолы үш облыс аумағынан өтеді.

Қазақстандағы ең ірі автожолдардың бірі Талдықорған-Өскемен бағытындағы қайта жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгінде жолдың 750 шақырымына жаңа асфальт төселді. Трассаның соңғы 18 шақырымдық бөлігіне асфальтбетонды төсеу ғана қалды.

Магистральдың қайта жөндеу жұмыстары 2019 жылы басталды. Күрежолдың құрылысы 2024 жылдың соңына дейін толығымен аяқталады деп күтілуде.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив