Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдың жалпы ұзындығы 768 шақырым. Оның 102 шақырымы «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ облыстық филиалына бекітілген.
«ҚазАвтоЖол» ҰК ШҚО филиалының директоры Нұрбек Темірхановтың айтуынша, жолдың Шығыс Қазақстан облысы аумағынан өтетін бөлігін (Өскеменнен Қалбатауға дейін) асфальттау жұмыстары аяқталуға жақын. Мердігерлер жол белгілерін, жарықтандыруды және басқа да инфрақұрылым элементтерін орнататып жатыр. Сондай-ақ учаскеде жеті шағын көпір салынып, 97 су өткізгіш құбырлар тартылды.