ШҚО-да 600 шақырым жол ретке келтірілді


ЖАҢАЛЫҚТАР 6-09-2024, 13:10 0

Шығыс Қазақстан облысында «Жол жылы» аясында салынып жатқан жолдардың құрылысы аяқталуға жақын. 
Биыл «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» жобасы бойынша барлық жұмыстар аяқталып, 60 шақырым учаске пайдалануға берілуі мүмкін. 
Қалбатау-Майқапшағай 1090-1321 шақырым учаскесін қайта жаңарту үшін ағымдағы жылы ұзындығы 181 шақырым болатын 1140-1321 шақырым учаскелерін пайдалануға беру, 1090-1140 км учаскесі үшін салынып жатқан жолдың жоғарғы жағымен қозғалысты ашу көзделуде. 
Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшылығының мәліметінше, биыл Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір ашылуы мүмкін. Қазірде белгіленген 20 аралықтың 15-іне екі қабат асфальт төселді. Қалған аралықтарға арматура және бетондау, асфальт төсеуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көпірдің құрылыс жұмыстарына 2024 жылы 25 миллиард теңге қарастырылған. Бүгінде оның 20 миллиарды жұмсалды. Көпірді салуға бөлінген сомма 60 миллиард теңгені құрайды. Қазір оның  51,7 миллиарды игерілді.  
Шығыс Қазақстан облысында «Жол жылы» аясында жалпы құны 31,5 миллиард теңгеге 600 шақырым жол ретке келтірілді, 300 шақырымға жуық жол жөнделді.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив