Ұлан ауданында биыл 34 көпбалалы отбасы баспаналы болады


ЖАҢАЛЫҚТАР 11-09-2024, 14:50 0

Герасимовка ауылында екі тұрғынға арналған 44 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр, 54 пәтер кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары үшін  қарастырылған. 
Тұрғын үй құрылысы «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр. 
Көпбалалы отбасылар үшін  34 пәтер, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін  54 пәтер беріледі. 
– «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша Тройницкое ауылында 192 миллион теңгеге медициналық пункт салынып жатыр. Өткен жылы Желдіөзек, Отрадное, Макеевка, Казачье, Сарыөзек елді мекендерінде бес фельдшерлік пункт салынып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, «Ауыл - Ел бесігі»  жобасы аясында Қасым Қайсенов ауылында 150 келушіге арналған емхананың құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар, Айыртау және Герасимовка ауылдарында дәрігерлік амбулаторияларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін облыс орталығында жаңа Мәдениет және демалыс орталығы пайда болады. Ұлан кентінде ауылдық клубында жүргізіліп жатқан  күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады, - дейді Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосынов.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар