Облыста денсаулық сақтауды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы бойынша өткен жылы 17 медициналық пункт салынды. Ұлан ауданында Сарыөзек, Желдіөзек, Отрадное, Макеевка, Казачье ауылдарында бес медициналық пункт салынды. Жыл соңына дейін тағы 19 нысанды, оның ішінде Ұлан ауданы Тройницкое ауылындағы 1 медициналық пунктті аяқтау жоспарлануда.