ШҚО-да жыл басынан бері 60 жазатайым оқиға тіркелген


ЖАҢАЛЫҚТАР 11-09-2024, 12:15 0

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі департаменті ағымдағы жылдың 8 айындағы жұмыс қорытындысын жариялады. 
8 ай көлемінде Шығыс Қазақстан облысыдағы өндірістерде 60 жазатайым оқиға орын алды, соның салдарынан 66 адам зардап шекті, оның ішінде 8 адам қаза тапты, 36-сы ауыр жарақат алды, 23-і жеңіл дәрежедегі үш топтық жазатайым оқиға тіркеліп, соның салдарынан 9 адам зардап шекті.
– Өндірістік жарақаттану деңгейі өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 9,6 %-ға төмендеді, - дейді мемлекеттік еңбек инспекция.   
Жазатайым оқиғаларға қатысты жүргізілген арнайы тексерулердің қорытындысы бойынша кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін 59 материал ішкі істер органдарына жолданды, 85 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, екі қызметкер жұмыстан шеттетілді, екі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.  

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар