Елімізде мектеп асханалары тексерілетін болады


ЖАҢАЛЫҚТАР 9-09-2024, 11:40 0

Маңғыстау облысында балалардың жаппай улануынан кейін мектеп асханаларының барлығы тексерілетін болады. 
– Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша бір ай ішінде республикадағы барлық мектептің асханасында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізіледі. Ол мектептегі тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу шараларын күшейтуге бағытталған, – делінген Үкімет хабарламасында. 
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бесшоқы ауылының №8 мектептің асханасында бірінші ауысыммен оқитын 1-4 сынып оқушылары уланған болатын. Аталған жағдайға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 
Маңғыстау облысындағы мектеп оқушыларының жаппай улану себептерін тексеру Қазақстан Республикасы үкіметінің бақылауында.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив