Биыл Өскеменде ауқымды жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Жол жылы» аясында асфальт ауыстырылған аумақтардың саны екі есеге жуық артты. Өскеменде орташа жөндеу жұмыстары екі кезеңде жүргізіліп, қазір екінші кезеңі аяқталуға жақын.
Күні кеше қала басшысы Жақсылық Омар Пушкин көшесін аралап, жұмыс барысымен танысты.
– Биылғы жылға жоспарланған 38 нысанның 32-сі күрделі жөндеуден өткен. Мұндағы Пушкин көшесі 33-ші нысан, негізгі жұмыстар алдағы екі күнде аяқталады, - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.