ШҚО еліміздегі ең үздік туристік аймақтар тізіміне енбей қалды


ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты 20-05-2024, 16:46 0

ҚР Спорт және туризм министрлігінің мәліметінше, елімізде туристердің саны артқан. Мәселен, 2013 жылы қазақстандық демалыс орындарына 3,8 миллион адам келген. Бұл былтырғыдан қарағанда 311 мың адамға көп. Демалыс орындарындағы қонақүйлер шамамен 130 млрд теңге табыс тапқан.
Туризм индустриясы комитетінің басшысы Нұртас Кәріпбаев маусым қорытындысын шығарғанда Шығыс Қазақстанды мүлде атаған жоқ. Ал қорытынды мынадай:
Бірінші орында Алматы тау кластері тұр. 2,3 миллион адамды қабылдаған. Бұл жалпы санның үштен екі бөлігін құрайды.
Екінші орында – Маңғыстау, 356,2 мыңнан астам адам.
Одан кейін – Щучинск және Бурабай, 305,4 мың адам.
Ең соңында – Алакөл (Абай облысы), 205,8 мың адам.
Аталмыш туристік-курорттық аймақтардың барлығында адамдар үшін қолайлы жағдай жасалған. Әсем табиғат көріністеріне қоса жүріп-тұруға, көңіл көтеру мен демалуға ыңғайлы орындар, көптеген қоғамдық асханалар мен дәретханалар бар.
Сонымен қатар, бұл аймақтарда көлік қатынасы жақсы және жол да жөнделген.
Ал Шығыс Қазақстан облысына келсек, облыстың ең көрікті жерлері – Риддер мен Катонқарағай ауданына апаратын жолдардың жағдайы нашар. Жолда кәдімгі әжетхананы табу өте қиын.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар