Өскеменнің жүздеген тұрғыны ретро фестивальге қатысты


ЖАҢАЛЫҚТАР 27-08-2024, 11:54 0

Қала күніне орай Достық үйінің алаңында керемет ретро кеш өтті. Мерекелік іс-шарада 70-ші, 80-ші, 90-шы жылдардағы стиль көрсетіліп, ескі әуендер шырқалды.

– Жыл сайын қала күнін атап өту үшін біз мерекелердің толық онкүндігін жариялаймыз. Кеше біз мерекені Потанин мен Астана, Қашаубаев көшелеріндегі аллеяның ашылуымен бастадық. Ал бүгін қала тұрғындарына ұнайтын негізгі іс-шаралардың бірін өткізудеміз. Жыл сайын бұл мерекеге мыңға жуық адам келіп, өзгеше эмоция мен естен кетпес естелікке куә болады, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған аталмыш кеште қала тұрғындары да мерекеге сай киініп, көңілді кештің көрігін қыздырды. Ал көліксүйер қауымға ретро машиналардың көрмесі ұйымдастырылды.

Шара соңында әр түрлі байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Үздік костюм байқауына қатысушылардың барлығы дерлік сыйлықтар мен сертификаттарға ие болды, ал 407 нөмірлі «Москвич» «Үздік ретро» автокөлігі байқауында жеңімпаз атанды.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар