Өскеменде Астана, Әміре Қашаубаев, Потанин көшесін байланыстыратын аллея ашылды.
Жаз бойы аллеяның 5 мың шаршы метрі қалпына келтірілді. Аллеяға жаңа орындықтар, қоқыс жәшіктері, әткеншектер, балалар ойын алаңы мен спорт алаңдары және аллеяның бас жағына барыстың мүсіні орнатылды.
Аллеяның ашылуына орай жергілікті тұрғындар мен балаларға арнап аниматорлардың қатысуымен кеш ұйымдастырылды, және «Костер» мейрамханасы аллеяның ашылуын тамашалауға келген тұрғындарға пицца мен сусындар таратты.
– Бұл жоба тұрғындарға ұнады. Бұл жерде адам көп жүреді, жақын жерде екі мектеп пен балабақша бар, сондықтан жөндеу жұмыстары қажет болды. Ең бастысы, аллея жергілікті тұрғындардың көңілінен шықты - деді қала әкімі Жақсылық Омар.