Оқу-ағарту министрлігі мектеп жасына дейінгі балалардың даму картасын автоматтандырды. Бұл балалардың дағдыларының дамуы мен жетілуін қадағалауға мүмкіндік береді, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Мектепке дейінгі білім беру департаменті директорының айтуынша, карта бастауыш сынып мұғалімдері үшін балалардың мектеп бағдарламасын одан әрі дамытуда маңызды құралдардың бірі. Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграцияланған, даму картасы мектептерге ақпаратты беруде мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы үздіксіз байланысты қамтамасыз етеді.
– Мектеп жасына дейінгі балалардың даму картасы бізге әр баланың қажеттіліктерін тереңірек түсінуге және оны мектепте сәтті білім алуға, дайындауға мүмкіндік береді. Картада дамудың барлық маңызды аспектілері көрсетілген: физикалық жағдайы, типтік оқу бағдарламасын меңгеру барысында қалыптасатын коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық, зерттеушілік және әлеуметтік-эмоционалдық дағдылары. Бұл жүйелі әдіс жақсы білім беруді қамтамасыз етеді және балалардың бастауыш сыныпқа сәтті бейімделуіне ықпал етеді, - деді мектепке дейінгі білім беру департаменті директоры Манар Адамова.