Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру және ауыл шаруашылығы субъектілерінің жеңілдетілген қаржыландыруға қолжетімділігін қамтамасыз ету шараларын туралы түсіндірді.
2025 жылдан бастап агроөнеркәсіптік кешен субъектісі субсидия алуға өтінім бермей, бірден арзанырақ несие алуға мүмкіндік ашылып, қаржы институттарын тікелей субсидиялау басталады. Бұл бағыт өңдеуші кәсіпорындарға айналым қаражатын алу үшін сынақтан өткізілуде.
– Жақында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын кәсіпорындар қатыса алатын жаңа жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы іске қосылады. Олар 5% мөлшерлемемен несиелерді отандық шикізат сатып алу үшін пайдалана алады. Қазіргі уақытта осы мақсаттарға 30 млрд теңге бөлу мәселесі қарастырылуда.Биыл Үкімет 2028 жылға дейінгі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамытудың кешенді жоспарын қабылдады, - деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков.
Ербол Тасжүреков шаруалардың жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша лизингке техника сатып алып қана қоймай, кейіннен инвестициялық субсидиялау тетігі бойынша 30 % қайтарымын алуға мүмкіндігі бар екенін атап өтті.