ШҚО мектептеріне 132 мұғалім жетіспейді


ЖАҢАЛЫҚТАР 21-08-2024, 09:32 0

Облыстың білім ордаларында кейбір пәндерден мұғалім тапшылығы сезілуде. Бұл туралы ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында ШҚО Білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева мәлім етті.

«Жалпы білім беретін мектептерде орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері, математика, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері жетіспейді. Осы пәндерді оқытатын 132 мұғалім қажет», - деді ол. 

Мұғалім тапшылығы әсіресе Алтай, Самар, Шемонаиха аудандары мен Риддер қаласында сезіліп отыр. 

«Өткен оқу жылында бұл мәселе мобильді және онлайн сабақ беретін мұғалімдерге арналған механизмді енгізу арқылы шешілді. Бұл тәжірибе жаңа оқу жылында да жалғасын табады», - деді Иннеса Чернышева. 

Айта кетейік, жаңа оқу жылында өңір мектептерінде жалпы саны 12 мың мұғалім жұмысқа кіріседі. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар