13 тамызда Өскемендегі саяжай шетінде болған әйел өліміне қатысты 56 жастағы күдікті ұсталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бұрын сотталған ер адам қолға түсті. Кейінірек анықталғандай, ол басқа қалада тұрады.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу амалдары жүргізілуде.