Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Қазақстан жазушылар одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Әлібек Қаңтарбаевпен және Қазақстан Республикасының құрметті журналисі Айтмұхамбет Қасымовпен кездесті.
Кездесу барысында өңірдегі өнер мен әдебиетті дамыту жөніндегі бірқатар мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, оқырмандар аудиториясын кеңейту мақсатында кітапхана қорларын, оның ішінде ШҚО авторларының кітаптарын цифрландыру бойынша жұмыс жүргізу ұсынылды.
– Бүгінде қарапайым кітаптарды сыйлық ретінде беруге болады және олар әлі де сұранысқа ие. Бірақ адамдардың көпшілігі ыңғайлы болғандықтын электрондық кітаптарға көшуде. Сондықтан жергілікті жазушылардың әдеби шығармаларын цифрландыру бойынша жұмыс жүргізу, сондай-ақ оларды тарату үшін электрондық ресурстар құру маңызды. Сонда біздің дарынды авторларымыз туралы бәрі білетін болады, - дейді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.
Сондай-ақ, жиында жазушы және драматург Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары талқыланды.