Қытай Қазақстаннан ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алатын болды


ЖАҢАЛЫҚТАР 20-05-2024, 15:23 0

Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И-дің айтуынша, «Қытай Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға дайын».


Ван И 2023 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард долларға жеткенін атап өтті. Осылайша елдер мемлекет басшылары талап еткен жылдық тауар айналымын 40 миллиард долларға жеткізу міндетін мерзімінен бұрын орындаған.


Қазір екі ел Қытай-Еуропа теміржолы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ тараптар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге мүдделі.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив