Риддердегі жылу желілерін жөндеуге 2,4 млрд теңге қаражат жұмсалады


АУДАНДАР 17-05-2024, 09:51 0

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Риддердегі жұмыстарды күшейту үшін Үкімет резервінен қосымша қаражат бөлу туралы Қаулыға қол қойды.

Өткен жылы Риддердің жылу желілерін жөндеу мен қалпына келтіру олардың тозуын 78,8% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Алайда, бұл тұрғындарды үнемі жылумен қамтамасыз етуге әлі де жетпейтін көрінеді. Сонымен қатар, өткен жылы жылу желілерінен 25 техникалық ақау тіркелген. 

Үкімет Риддер қаласындағы күрделі жөндеуге  резервтен 2,4 миллиард теңгеден астам қаражат бөлді. Жөндеу жұмыстарына 50-ден астам учаске тартылып, нәтиже қысқы мерзімге дайындықты қамтамасыз етеді және жылу желілерін ұзақ мерзімге тозудан сақтайды.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив