Сәуірдің аяғында Өскемен қаласындағы «Бәйтерек» монументінің көшірмесі орнынан алынған болатын.
Соңғы кезде тұрғындар әлеуметтік желілерден «Бәйтеректің» қазір қайда екенін, қайда орнатылатынын сұрап жазып жатты. Біз жауапты мамандардан сұрап көрдік.
Бұрынғы монументтің бөліктері қазір этносаябақта емес, «Таза Өскеменнің» ауласында жатыр.
«Монументтің үстіңгі бөлігін кранға бекітіп көтерген кезде тат басқан топсалардың бірі опырылып түсіп қалған. Сондықтан монументті қалпына келтіру мүмкін емес, әрі қауіпті», дейді мамандар.