1 сағат алға. Бұрынғы уақыт белдеуіне қайтып келуіміз мүмкін бе?


ЖАҢАЛЫҚТАР 15-05-2024, 12:30 0

Сауда және интеграция Вице-министрі Қайрат Төребаевқа  журналистер:  -Қазақстанда бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруға бола ма? деген сұрақ қойды, деп хабарлайды, Bizdiң Өskemen тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап 

 Елімізде  бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы петиция басталғанын барлығыңыз білесіздер. 15 мамырдағы мәлімет бойынша петицияға 4 299 адам қол қойған. 

"Әзірге біз басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылданған ресми шешіммен әрекет етеміз. Сонымен қатар, регламентке сәйкес петицияның нәтижесін күту керек. 50 мың дауысқа жеткен жағдайда жұмыс қайта қаралатын болады",-деп жауап берді Қайрат Төребаев.

Естеріңізде болса, 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызына қараған түні бүкіл ел бойынша Бірыңғай уақыт белдеуі (UTC+5) орнатылған еді.

Іңкәр Төлегенқызы 

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив