Биыл Катонқарағай ұлттық саябағында Ақбұлқақ өзені арқылы өтетін ағаш көпір қардың екпініне төтеп бере алмай, опырылып құлап қалған болатын.
Көпір 1938 жылы салынған. Туристік агенттік өкілдерінің айтуынша, ол Мұзтаудың етегіндегі Көккөл базалық лагеріне жету үшін пайдаланылған болатын.
Көпір құлағаннан кейін Мұзтауға жаяу жету мүмкін емес. Ұлттық саябақтың директоры Жанболат Тыныбековтің айтуынша, су тасқыны 15 шілдеге дейін жалғасуы мүмкін.
Сараптама содан кейін жүргізіліп, қаражат бөлу және жөндеу жұмыстары анықталады.
Туристік маусым басталғанына орай, кәсіпкерлер табиғи саябақ өкілдерінен барлық бағыттардың, әсіресе Қаракөлдің жанындағы өткелдің қауіпсіздігін тексеруді сұрады.
Ұлттық саябақ басшысы жиналғандарды 10 маусымға дейін барлық жолдар ашық болады деп сендірді.