Тамыз кеңесі таяп қалды - ШҚО


ЖАҢАЛЫҚТАР / МАҢЫЗДЫ 15-08-2024, 12:39 0

ШығысҚазақстаноблысыбілімсаласы қызметкерлерініңпленарлық тамызкеңесі2024 жылдың 16 тамызында өтеді. Кеңесте«Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру»тақырыбы аясында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы мәселелері қарастырылады.

Облыстық конференция өтетін күні С.Аманжолов атындағы ШҚУ 5 корпусының 1 және 2 қабаттарында ШҚО жаңашыл мұғалімдерінің инновациялық-педагогикалық идеяларының көрмесіұйымдастырылатын болады.

Пленарлық отырысқа Шығыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушыСақтағананов НұрымбетАманұлы, педагогтер, әлеуметтік серіктестер, ЖОО ректорлары, ата-аналар, қоғамдық және БАҚ өкілдері қатысады.

Тамыз конференциясы шеңберінде «Үздік орта білім беру ұйымы-2024» конкурсының грант иегерлері, «Ы.Алтынсарин» төс белгі иегерлері, «Шығыс Қазақстан облысының еңбек сіңірген мұғалімі» төсбелгісі, «Шығыс Қазақстан облысының білім ісіне қосқан үлесі үшін» құрметті атағы өңірлік наградалармен марапатталады.

Конференцияның пленарлық отырысында ШҚО білім басқармасының басшысы «2024-2025 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» баяндама жасайды. Тамыз конференциясының жұмысына 350 педагогтер, педагогикалық еңбек ардагерлері және ҰЕҮ, БАҚ өкілдері қатысады.

Тамыз конференциясы аясында 15 тамыз күні 1200 педагогті қамтитын 22 секциялық отырыс өткізіледі.

Конференция қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданады.

Өткізілетін мерзімі мен орны:

Пленарлық отырыссағат 10.00-де 16 тамыз 2024 ж., Өскемен қ.Қазақстан көшесі, 55,  С.Аманжолов атындағы ШҚУ

Секциялық отырыссағат 10.00-де 15 тамыз 2024 ж., Өскемен қаласы:

Көкжал Барақ көшесі 8/2, «№46 орта мектеп» КММ базасында – аудандық (қалалық) ББ әдістемелік кабинет меңгерушілері, пән мұғалімдері үшін (қазақ тілі мен әдебиеті Т1, Т2, орыс тілі мен әдебиеті Я1, Я2, ағылшын тілі, тарих, математика, физика, информатика, биология, химия, география); директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары үшін;
Уалиев көшесі, 6, «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ базасында – бастауыш сынып, дене шынықтыру пәні мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтері, арнайы мектеп педагогтері, психологтар және кітапханашылар үшін;
Сәтпаев даңғылы, 8/3, «№44 лицей» КММ базасында – қазақ тілде оқытатын мектептері директорлары мен директорының тәрбие жөніндегі орынбасарлары, тәрбие жұмысына жауапты әдістемелік кабинет әдіскерлері үшін;
Жастар көшесі, 31/3, «№47 орта мектебі» КММ базасында – орыс тілде оқытатын мектептері директорлары,  директорының тәрбие жөніндегі орынбасарлары, тәрбие жұмысына жауапты әдістемелік кабинет әдіскерлері үшін;
Қазыбек би даңғылы, 13/2, «№15 «Рахат» балабақша» КМКМ базасында  мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтері үшін;
Қазақстан көшесі, 55, С.Аманжолов атындағы ШҚУ базасында Нысаналы мектептер директорлары, әдіскерлер және әдістемелік кабинет меңгерушілері үшін.

 

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив