"Қайда бар десе – сонда барамыз": Өскеменнің әкімі Омардың қызметінен кететіні рас па


ЖАҢАЛЫҚТАР / ӘР САЛА / Басты 15-08-2024, 11:22 0

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар «қызметіңізден кететініңіз рас па?» деген сұраққа жауап берді. «Кететініңіз рас па?» деген сұраққа «кет десеңіздер, кетеміз, әр нәрсенің мерзімі, уақыты бар» деп жауап берді.


– Мемлекеттік қызметкерлер – мемлекеттің сарбаздары сияқты. Қай жерге барып қызмет ету керек болса, сол жерге барамыз, - дейді әкім.


«Қайда барасыз» деген сұраққа Омар «бәрін уақыт көрсетеді» деп жауап берді.


Жақсылық Омар Өскемен қаласында 2018 жылдан бастап әкім қызметін атқарады. Оның алдында Алматы облысы әкімінің орынбасары болған. Саяси карьерасы Шығыс Қазақстанмен тығыз байланысты. Сол өңірде облыс әкімі болған Бердібек Сапарбаевтың көмекшісі қызметінен бастап, орынбасарлығына дейін көтерілген.Жақсылық Омар Өскеменнің өсіп-өркендеп дамуына бар қажыр-қайратын, тәжірибесін мейлінше жұмсап жатырмыз дейді.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив