Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында облыс әкімі Ермек Көшербаев «Өскемен жылу желілері» коммуналдық кәсіпорнының жұмысындағы өзгерістер туралы айтты.
- Кәсіпорын атауы «Шығыс Жылу» АҚ болып өзгертілді. Енді оның құрамына мемлекет меншігіне қайтарылған Риддер ЖЭО да кіреді- деді аймақ басшысы.
Осылайша кәсіпорын өз қызметін енді екі бірдей қалада жалғастыра береді.