1 қыркүйектен бастап 1,7 миллион оқушы тегін тамақтанады


ЖАҢАЛЫҚТАР 14-08-2024, 15:43 0

14 тамызда Білім министрлігі биылғы оқу жылынан бастап тегін ыстық тамақпен қамтылатын мектеп оқушыларының санын жариялады.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1,7 миллион оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100 мың балаға көп.

«Тегін ыстық тамақтанумен 1-4 сынып оқушылары, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар қамтылады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін балалар балабақшаларға, мектептер мен колледждерге бара алады.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив