12 тамыз күні Ұлттық статистика бюросы еңбек нарығындағы жағдай туралы хабарлады.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ды құрады.
– Ресми түрде, 2024 жылдың шілде айының соңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 338,7 мың жұмыссыз тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 3,5%-ын құрайды. Ал 15 және одан жоғары жастағы халықты жұмыспен қамту деңгейі 64,9%-ды құрады. 15-34 жас аралығындағы жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 3,2%-ға жетті, - деді Ұлттық статистика басқармасы.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, жұмыссыздарға төленетін жәрдемақы өткен жылмен салыстырғанда 1,6 есе жоғары. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 180,2 мың адамға жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақы төленген.