ШҚО-дағы жолдардың бірінде жөндеу жұмыстары аяқталып қалды


ЖАҢАЛЫҚТАР 9-08-2024, 12:39 0

Бұрынғы аудан орталығы Бозанбай мен Сібі көлдеріне Өскеменнен шығатын маңызды жол болып табылатын Васильевка-Бозанбай тас жолын (17-32 км) жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.


Жұмысты орындауға келісім-шарт 2023 жылдың тамыз айында «Kurylys Group RK» ЖШС мердігерімен жасалған.


«Орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Асфальт - бетон қоспасын ҰБОҚК-мен нығыздауға қатысты шамалы ескертулер болды, мердігер барлығын түзетіп қойды, өзегі (үлгі) алынды. Нәтижесін күтеміз. Әрі қарай комиссиямен бірге сол жерге барып, қайта тексереміз», - дейді ШҚО автомобиль жолдарын дамыту басқармасының бас маманы Болатұлы Бақытжан.


Бүгінде құрылыс бригадалары асфальтбетон төсеу жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Қазірдің өзінде 10 шақырым тегістеу қабаты төселіп, жұмыс кестеге сай қатаң түрде жүргізіліп жатыр. Мердігер барлық жұмыс уақытында аяқталады деп сендірді.


Айта кету керек, бұл жобаның өңір үшін маңызы зор, өйткені Васильевка-Бозанбай жолы Өскеменді көркем Сібі көлдерімен байланыстырып қана қоймай, Бозанбаймен көлік қатынасын жақсартып, туризмнің дамуына септігін тигізеді

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив