сурет: altaynews.kz
74 жастағы саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов бүгін, 2 тамызда Өскеменнен Моңғолияға жаяу аттанды. Ол Ұланбатыр қаласына дейін баруды жоспарлап отыр.
Марафоншы 2550 шақырымды шамамаен 2,5-3 айдың ішінде өтемін деп жоспарлап отыр.
Саяхатшыны өскемендіктер құрметпен шығарып салды. Ақсақал өзінің үш айға созылатын сапарын 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнайытын айтады.
Марафоншының басты мақсаты — Гиннестің рекордтар кітабына тіркелу арқылы әлемдік рекорд орнату. Ол үшін 2 жыл сапарлауы керек.
Айта кетейік, саяхатшы осымен дүниежүзі бойынша жаяу саяхатының екінші кезеңін бастап отыр.
Ақсақал Қазақстан – Ресей – Грузия – Түркия – Болгария – Сербия – Венгрия – Австрия – Германия – Франция – АҚШ – Қытай – Моңғолия – Ресей – Қазақстан бағыты бойынша саяхаттауды жоспарлап отыр.
Есеп бойынша, 2 жылға созылатын сапар, ол турды 2025 жылдың тамызында аяқтауды көздеп отыр. Ыңғайлы болу үшін маршрут бірнеше кезеңге бөлінген.
2023 жылы бірінші кезең: Қазақстан-Ресей-Грузия-Түркия сапары 3000 шақырымдай жолды артқа тастап, 100 күнге тарта уақытта жүріп өтті.
Екіншісі: Қазақстан-Ресей-Маңғолия.
Үшінші: Қытай-АҚШ- Франция- Германия - Австрия – Венгрия- Сербия- Болгария- Түркия (130 күн, және 4 мыңнан астам км).